Жақында орамалын шешкен танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат өміріндегі өзгерістерге байланысты оқырмандарына үн қатты. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялады.
Ол жазбасында әркімнің өз жолы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл шешімін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірді.
“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогерді қолдап, жарыса пікір қалдырған.
“Ең бастысы ниетте. Ниетің дұрыс болса болды ғой. Орамалмен жүріп те неше түрлі жаман нәрселер жасап жүрген адамдар да бар”, “Жап жас болып оранудың не қажеті бар? Имандылық жүректе болса болды”, “Өте әдемі. Орамал шеше ме, кие ме әркімнің өз тағдыры, басынан өтіп жатқан сынағы бар. Ешкімге сын айтатын құқымыз жоқ”, “Сіз үшін қуаныштымын, өте әдемі”, – деп жазған олар.