Қоғам

"Көзін алмай қарап жүр": Назарбаевтың тоқалы сән көрсетілімінде төбе көрсетті (ФОТО)

"Көзін алмай қарап жүр": Назарбаевтың тоқалы сән көрсетілімінде төбе көрсетті (ФОТО)

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлдары Тауман мен Бәйкеннің анасы Әсел Исабаева Астанада өткен сән көрсетілімдерінің бірінде көзге түсті. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Kazakhstan Fashion Week аясында өткен Dinara Satzhan брендінің көрсетіліміне қатысқан.

Іс-шара өткен демалыс күндері Ұлттық музейде өтті. Көрсетілім қонақтары бірінші президенттің жұбайымен түскен суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Ал Әсел Исабаеваның Instagram парақшасы бөгде адамдар үшін жабық.

Әсел Исабаева – “Astana Ballet” театрының арт-менеджері. Театрдың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі тұжырымдамасының авторы. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған фотолар да театр сахнасында түсірілгенін байқауға болады.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Әсел Исабаева театрдағы қызметімен қатар, Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын да басқарады.

Барлық жаңалық