Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол мерекеге орай ең қымбат жандарын — анасын және өмірлік серігін құттықтап, жылы лебізін білдірген.
«Қадірлі анамның және сүйікті жарымның тұлғасында барша нәзік жандыларды шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шаңырақтарыңызға береке мен жылылық тілеймін. Әрқашан отбасының шырағы болып, қуаныш пен мейірім сыйлап жүре беріңіздер», – деп жазды кәсіпкер.
Желі қолданушылары да жазба астында әйелдерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін қалдырған.