Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Дубайда білім алып жүрген қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желіде соңғы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.
Әдемі жариялаған жазбасында қазіргі жағдайға байланысты фото немесе видео жариялағысы келмейтінін айтты. Оның сөзінше, Дубайда бес жыл бойы тұрып келе жатқандықтан, бұл елді қауіпсіз деп санайды.
Сондай-ақ ол оқу процесі 8 наурызға дейін онлайн форматқа ауысқанын айтып, өзін «карантин кезіндегідей» сезініп жүргенін жеткізген.
«Дубайдағы соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Бірақ мен бұл туралы фото немесе видео салғым келмейді. Бұл елде бес жыл тұрып, оның қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегіммен сеземін. Қазір сабақтар 8 наурызға дейін онлайн форматта өтеді. Өзімді карантин кезіндегідей сезініп жүрмін», – деп жазды ол.
Әдемінің айтуынша, үнемі қозғалыста болып, жоспар құрып жүретін адам үшін уақытша тоқтап қалу оңай емес.
«Күн сайын жоспар құрып, үнемі қозғалыста жүретін мен үшін тоқтап қалу қиын екен. Нақты істейтін жұмыс болмаған кезде өзімді біртүрлі сезінемін», – дейді ол.
Сонымен қатар Әдемі желі қолданушылары жиі қоятын «неге елге қайтпайсың?» деген сұраққа да жауап берген.
Оның айтуынша, ата-анасы үнемі хабарласып, жағдайын сұрап отырады. Дегенмен ол отбасысының жанында болғанда өзін әлдеқайда қауіпсіз сезінетінін айтқан.
«Ата-анам әр бес минут сайын хабарласып, уайымдайды. Мен де үйге, отбасыма қатты қайтқым келеді. Егер олар жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім. Менің жағдайымды сұрап, уайымдағандарыңызға рақмет. Қазір менде бәрі жақсы», – деп жазды Әдемі Тұрсынбекқызы.