Жаңалықтар

Қарағанды, Теміртау және Шахтинск: газ желілері жүздеген шақырымға ұзарды

Қарағанды, Теміртау және Шахтинск: газ желілері жүздеген шақырымға ұзарды

Қарағанды және оған жақын орналасқан қалаларды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Соңғы жылдары жеке сектордағы мыңдаған тұрғын экологиялық әрі қолайлы отын түріне көшу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда Қарағанды мен Теміртауда 16 500 жеке тұрғын үйге газ тарату желілері жеткізілген, ал олардың 7500-ден астамы нақты газбен қамтылған.

2025 жылы газ тарату желілерін салу жұмыстары Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында жүргізілді. Жалпы ұзындығы 269,5 шақырым газ құбыры салынды. Оның ішінде:

  • Қарағандыда – 171 км,

  • Теміртауда – 63 км,

  • Шахтинскіде – 35,5 км.

Қарағанды қаласында 10 мыңға жуық үйге газ қосу мүмкіндігі берілген, олардың 7199-ы техникалық шарт алған. Теміртауда газ 6500 үйге жеткізіліп, шамамен 3 мың үй техшарт алған.

Бүгінде 7527 абонент газ жүйесіне қосылған, бұл желі тартылған үйлердің 45,6 пайызы.

Газдандыру жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жоба 16 іске қосу кешенін және төрт құрылыс кезеңін қамтиды. 2025 жылға дейін бірінші кезеңнің үш кешені пайдалануға берілсе, өткен жылы тағы екі ірі кешен іске қосылды.

2026 жылы да жұмыстар жалғасады. Жоспар бойынша тағы 90 шақырым газ тарату желісі салынады. Жаңа жобалар «Таугүл» және «Күнгей» шағынаудандарын қамтиды.

Теміртау қаласында газдандыру жобасы толық аяқталған. Ал Шахтинск қаласында жұмыстар жалғасуда. Мұнда 229 шақырымнан астам газ тарату желісін салу жоспарланған, бұл 2480 үйге газ жеткізуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалық