Атырау облысына қарасты Жангелдин ауданында жоғалып кеткен отбасының мүшелері - Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері күдіктілер жалдап тұрған үйдің маңынан табылды деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы аталған тақырыпты зерттеп жүрген журналистердің бірі - Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде жазды.
"Мұны естігеннен кейін осы жерге барып көрдік. Бұл Атырау қаласы. Мұнайшы ақшамауданы. Үйдің айналасындағы бұрынғы қазылған жерлер көмілген. Көлік іздерін байқамадық. Дәл үйдің іргесінен табылмаған сияқты. Естеріңізге салсам, бұл үйге 8 қаңтар күні келдік. Арнайы жедел топ айналасын түгелдей қазып, іздеп жатты. Тіпті, мәйіт іздейтін георадармен жүргенін көрдік. Парақшамда болуы керек. Мәйіттердің осы жерден табылғандығы туралы ақпараттар әзірге бейресми. Анық-қанығын ертең Полиция Департаментінен білеміз. Бүгін тергеп-тексеру жұмыстарына сай ештеңені ашып айтпай отыр", - деп жазды журналист.