Әлеуметтік желіде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қырғыз опера әншісі Нур Чолпонмен бірге алтыбақан тепкен видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info
Видеодан қырғыз өнерпазының Димашты алтыбақан тебуге өзі шақырғанын байқауға болады. Әнші сыйластық танытып, ұсынысты қабыл алған.
Сонымен қатар, Димаш бұл сәтті әзілмен әрлеп, көрермендерді күлдірді.
«Жасым мыңға келіп мына жаққа мінгенім қалай болар екен... Қырықтан кейін қылық шығардық деген осы ма?» — деп қалжыңдайды ол.