Әлеуметтік желіде "Сәкеңнің тоқалы" деген атпен тіркелген келіншек жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол TikTok-та тікелей эфирге шығып, тоқалдық өмір туралы әңгімелерімен бөліскен.
Алайда көпшіліктің қызығушылығын тудырған – парақша атауы болды. Көрермендер оның сөзін Сәкен Майғазиев есімімен байланыстырып, видеоларын әншіге жіберген.
Келіншектің айтуынша, осыдан кейін оның үйіне полиция келген. Құқық қорғау органдары одан эфирде өзін Майғазиевтің тоқалымын деп таныстырды ма деп сұраған.
"Мен еш жерде өзімді Сәкен Майғазиевтің тоқалымын деп айтқан жоқпын. Жай ғана "Сәкеңнің тоқалы" деп жаздым. Адамдар "н" мен "ң" әрпін ажырата алмай шатастырып жатыр", – дейді ол.
Оның сөзінше, полицияға барған кезде Сәкен Майғазиев пен жұбайы да сол жерде болған. Екі тарап алғаш рет жүздесіп, бір-бірін танымайтынына көз жеткізген.
Әңгіме барысында түсініспеушілік шешіліп, соңында бәрі тату тарқасқан. Келіншек көрермендеріне жалған ақпарат таратпауға шақырып, ренішін жеткізді.