Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 470,46 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,96 теңгеге арзандаған. Ал Ұлттық банктің 3 сәуірге белгілеген ресми бағамы 472,31 теңге деңгейінде бекітілген.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағасы шамамен 467 теңге болса, сату бағасы 474 теңгеге дейін жетеді. Еуро 539–549 теңге аралығында саудалануда, ал рубльдің бағамы 5,84–6,15 теңге шамасында қалыптасқан.
Алматыда доллар орта есеппен 468,66 теңгеден сатып алынып, 471,27 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 541,58–546,06 теңге аралығында болса, рубль 5,86–5,98 теңге деңгейінде.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағасы шамамен 469,09 теңге, ал сату бағасы 471,16 теңге. Еуро 542,71–547,64 теңге аралығында, ал рубль 5,87–5,93 теңге шамасында ұсынылуда.
Айта кетейік, 2 сәуір күнгі сауда қорытындысында доллар бағамы 472,31 теңгені құрап, бір күнде 2,76 теңгеге төмендеген болатын.