Танымал өнер жұлдыздары Жанболат пен Жазираның келіні Асылының ұзату тойы өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Тойда тілек айтқан Кенжебек Жанәбіловтің әйелі өз сіңілісіне тілек айтамын деп сынға қалды.
"Өнер ортасы мені пісірді. Мен жанұяда ерке болғанмен өнер ортасында пістім. Сол үшін Асылы көп жерде көзіңмен көрмейсің, құлағыңмен естімейсің. Қазыбекекеулерің бәрін жеңіп шығу үшін естімейсің, көрмейсің, елемейсің. Мені айтады: "Кенжебектің келіншегі өзінше болып қалған, бүйтіп қалған, сүйтіп қалған деп". Бірақ мен ешкімді елемеймін, сөзін естімеймін. Саған да соны айтамын. Менің ақылым. Екеуіңнің махаббатың бәрін жеңіп шығады. Ешкімді тыңдама, ешкімге ренжіме, бәріне күліп қара. Өзіңнің жолыңды біл", - деді ол.
Кенжебектің келіншегінің бұл сөздеріне шамданған жұрт сынға алды.
"Сіңілісіне жеке айтатын ақылын көпшіліктің алдында айтқаны несі", "Сөзі біртүрлі екен. Мынандай да тілек бола ма?", "Құдаларға айтқандай ыңғайсыз болды ғой", "Қиялдау екен", "Көпшілікте айтылатын сөз емес бұл", "Сөзіне қарап біртүрлі ма дедім", "Өзі туралы айтып кеткені несі", "Ақылсымақ, көкірек әйел ғой", "Тойда айтатын тілек пе осы", - деп жазды оқырмандар.