Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жұбайы Фариза Бекібай ажырасқаннан кейін бұрынғы қайын жұртымен қарым-қатынасы үзілмегенін айтты. Актриса «TABOO» бағдарламасына берген сұхбатында экс-енесін әлі де жақын адамы санайтынын жеткізді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Фаризаның сөзінше, балалары демалыс күндері әжесінің үйінде болады. Өзі түсірілімге кеткен кезде де балаларын бұрынғы енесіне еш алаңсыз қалдырады.
«Менің енем – алтын адам. Бұрынғы енем болса да, оны анамдай жақсы көремін. Сыйлаймын, құрметтеймін. Сенбі-жексенбі күндері балаларым сол жақта болады. Бұл мені алаңдатпайды. Кейде түсірілімге кеткенде балаларымды енеме тапсырып кетемін. Бұрынғы қайынсіңлілеріммен де жақсы араласамыз. Арамыздағы сыйластық пен қарым-қатынас сақталған», – деді Фариза Бекібай.
Ол балаларының әке жағындағы туыстарымен араласуына ешқандай шектеу қоймайтынын атап өтті.
Сұхбат барысында актриса бұрынғы күйеуінің шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты да пікір білдіріп, ажырасуға дейінгі және одан кейінгі кезеңде басынан өткен қиындықтарды баяндады.