Шоу-бизнес

«Қыздарға келгенде тұрмай қалғаны несі»: Қуандық Рахым көрерменді күлдірді (ВИДЕО)

«Қыздарға келгенде тұрмай қалғаны несі»: Қуандық Рахым көрерменді күлдірді (ВИДЕО)

Әнші Қуандық Рахымның концертіндегі күтпеген жағдай желі қолданушыларының назарын аударды. Өнер иесі «Ей, қыздар» әнін орындауға кіріскенде, микрофоны бірнеше рет төмен қарай құлап, ән айтуына кедергі келтірген.

Домбырасын қолға алып, әнін бастамақ болған әнші микрофонды қайта-қайта түзетуге мәжбүр болды. Алайда құрылғы тағы да төмен түсіп, Қуандық Рахым бұл жағдайға күліп жіберді. Оны көрген көрермендер де ду күлді.

Желі қолданушылары оқиғаға әзілмен пікір білдіріп, микрофонның дәл қыздар туралы ән басталғанда сыр бергеніне назар аударған. Ақыры әншіге көмектесу үшін досы сахнаға шығуға мәжбүр болды.

Барлық жаңалық