Тұрсынбектің екінші қызы Айым Тұрсынбекқызы 18 жасқа толды. Ерекше күнде анасы мен бауырлары бойжеткенді түнгі сағат 00:00-де туған күнімен құттықтауға асыққан.
Жақындары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді.
Алайда желі қолданушыларының назарын тек туған күндегі қуаныш қана емес, отбасындағы әкенің болмауы да аударған сыңайлы. Жазба астында түрлі пікір қалдырылып, оқырмандардың көзқарасы екіге бөлінді.
Бірі әкесі туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ екенін айтып, Айымның қазір анасы мен бауырларының ортасында бақытты екенін жазған.
«Әкесі дей бермеңдерші, кеткен адам кетті, зачем айта беріп... Главный қазір балалары қасында, өзін тапты, бақытты», – деп пікір білдірген оқырман.
Ал енді бірі қызының осындай қуанышты сәтінде әкесінің жанында болмағанына назар аударған.
«Әкесі қызының осы қуанышына ортақ болмағанына өкіне ме екен?!» – деп жазған желі қолданушысы.
Сонымен қатар көпшілік Айымды туған күнімен құттықтап, бақытты ғұмыр, жарқын болашақ тіледі.
«Құтты болсын! Туған күні Айымның, жұлдызы жарқырай бер «Өмірі жарқын болсын» деген ақжарма тілектер де аз болмады.