Жамбыл облысының Талас ауданында бір тұрғын 2023 жылдан бері баласына алимент төлемей, берешек жинаған. Оның баласын асырауға мүмкіндігі болғанына қарамастан, міндетін орындамаған,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Прокуратура араласып, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ер адам кінәсін мойындап, алимент бойынша қарызын толық өтеген. Сондай-ақ алдағы уақытта төлемді уақтылы жасауға уәде берген. Іс амнистияға байланысты тоқтатылды.
Бұдан бөлек, ауданда алимент төлеу міндетін орындамаған тағы 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың сегізі әкімшілік қамаққа алынса, алтауы айыппұл төледі.