Жаңалықтар

Астанада көлік өртке оранды (ВИДЕО)

Астанада көлік өртке оранды (ВИДЕО)

Астананың Сарайшық ауданында А. Байтұрсынов көшесінде автокөлік өртенді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жедел жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Құтқарушылар келген кезде көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жалынға оранған. Мамандар өртті қысқа уақытта сөндірді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

Барлық жаңалық