Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қоғам қайраткері Санжар Боқаевқа үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айыптау нұсқасы бойынша, Боқаев «ҚазТрансГаз» кәсіподағы «Еуропа – Қытай» автожорығын өткізуге бөлген 42 миллион теңгеден астам қаржыны өзінің жиһаз бизнесіне аударған.
Бұдан бөлек, оған Үлкен Алматы өзенінің жағалауындағы құрылыс алаңынан 12 гранит тақтаны ұрлауды ұйымдастырды және Баум тоғайында 16 ағашты заңсыз кесті деген айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл әрекеттер Алматыны абаттандыру мәселелері туралы бейнероликтер түсірумен байланысты болған.
Тағы бір айып жалған ақпарат таратумен байланысты.
Бұған дейін прокуратура тағылған айыптардың жиынтығы бойынша Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Боқаев өз кінәсін мойындамады.