Қазақстанда студенттер жатақханаларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ішкі істер министрлігі оқу орындарында әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қорқыту және ақша бопсалаудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ІІМ мәліметінше, жатақханаларға полиция қызметкерлері бекітіліп, ғимараттарға кіру-шығу тәртібі қадағаланады. Университеттердің ішкі қауіпсіздік қызметтері де тәулік бойы кезекшілік етеді.
Оқу жылы басталғалы студенттер арасында 566 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған жерде темекі шегудің 211 және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 дерегі бар.
Жыл басынан бері студенттер мен оқытушыларға арналған 207 профилактикалық іс-шара өткізілген.
ІІМ студенттерді қысым көрсету, қорқыту немесе зорлық-зомбылық жағдайларына тап болса, полицияға дереу хабарлауға шақырды. Сондай-ақ оқу орындарының басшыларына жастардың шағымдарын елеусіз қалдырмауды ескертті.