Көпшілікке «Күлпәш» телехикаясындағы Самат рөлі арқылы танылған актер Ерлан Дәулетбеков шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тойда Берік Тұрсынбеков пен Қарлығаш Ахметова бастаған театр ұжымы екі жасты «Жар-жар» әнімен ортаға алып шықты.
Дүркіреп өткен тойда Уәлибек Әбдірайымов, Нұржан Төлендиев сынды бір топ әзілкештер мен өнер жұлдыздары қатысты. Қонақтар жас жұбайларға ақ тілегін арнап, бақыт тіледі.