Белгілі әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов тағы да тойдағы сөзі үшін сынға қалып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі актер Ерлан Дәулетбековтің үйлену тойында төрде тұрған жас келінге әзіл аралас ақыл айтты.
«Кішкене ақыл айтайын саған. Енді Ерланның миын ашыта берме. Енді сырласатын адамың мына кісі болады. Осы кісімен сырлас, осы кісімен мұңдас. Сөйтсеңдер жаман болмаймыз, көбейеміз. Сосын кімге күйеуге тигеніңді айтты ма Ерлан? Білетін бе едің өзі? Әртіс ол. Телевизорда киноларда сүйісіп тұрса қызғанба. Көшеде де біреулермен сүйісіп қалуы мүмкін. Репетиция деп біл!», – деді ол.
Әзілкештің ақылын оқырмандардың бірі астарлы әзіл деп қабылдаса, бірі жөнсіз деп сөкті.
«Ақыл айтатын үлкендер осындай болса, рақмет», «Әзілмен жеткізіп жатыр», «Не айтып тұр өзі?», «Қартайыпты», «Осы кісінің сөздерін түсінбеймін», – деп жазды оқырмандар.