Жаңалықтар

Қызылордада жеңіл көлік өртке оранды (ВИДЕО)

Қызылордада жеңіл көлік өртке оранды (ВИДЕО)

Қызылорда облысының Арал қаласында газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға С. Назаров көшесінде болған. Өрт сөндірушілер шақырту түскен бойда оқиға орнына жетіп, өртті сөндірген.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі газ баллонды жабдығы бар көлік иелеріне оның жарамдылығын тұрақты тексеріп, герметикалығын қадағалауды және техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізуді ескертті.

Барлық жаңалық