Қоғам

Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты

Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты

Әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында жалғыз ұлының таңдаған жарына сырға салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иелері қазақы салт-дәстүрмен болашақ келінінің құлағына сырға тағып, ресми түрде құда атанды. Желіде таралған бейнежазбалардан Жанболат пен Жазираның Кенжебек Жанәбіловтің шаңырағына барғанын көруге болады. Видеода үй иесінің жаңа құдаларды күтіп алып, төрге оздырған сәті бейнеленген. Осылайша бұған дейін оқырман арасында таралған Жанболат пен Жазираның келіні Кенжебектің балдызы екен деген қауесет ресми түрде расталды.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген, ерекше бақытты күніміз.

Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі.

Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін.

Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Барлық жаңалық