Шымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тұншығып қала жаздаған 65 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, тәтті оның тыныс алу жолына түсіп, ірі бронхын толық бітеп тастаған. Салдарынан ер адамның тынысы санаулы секундтар ішінде қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Ол жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер дереу шұғыл шараларға кірісіп, арнайы құралдардың көмегімен кәмпитті тыныс жолынан алып шыққан.
"Дәрігерлер бөгде затты сәтті алып, науқастың тынысын қалпына келтірді. Тағы сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", – деп хабарлады ведомство.
Көрсетілген медициналық көмектен кейін ер адамның жағдайы тұрақталып, ол ем қабылдап, ауруханадан шығарылған.