Шоу-бизнес

«Балаға әке болып, қамқор боламын деді»: Мөлдір Әуелбекова ұлының әкесімен сөйлескенін айтты

«Балаға әке болып, қамқор боламын деді»: Мөлдір Әуелбекова ұлының әкесімен сөйлескенін айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі ұлының әкесі хабарласып, өткенге байланысты кешірім сұрағанын айтты.

«Махаббат... Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты... Өткен-кеткенге кешірім сұрады... Балаға әке болып, қамқор боламын деді... Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты... Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей... Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім – сіздерге рақмет», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Барлық жаңалық