Қоғам

Қазақмыс Аягөз ауданының дамуына 200 млн теңге жұмсамақ

Қазақмыс Аягөз ауданының дамуына 200 млн теңге жұмсамақ

Қазақмыс корпорациясы Абай облысындағы Аягөз ауданының инфрақұрылымын дамытып, халықтың тұрмысын жақсарту үшін 200 млн теңге бөлетін болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы компания өкілдері мен Абай облысының әкімі Берік Уәлидің арнайы кездесуінде белгілі болды. Басқосуға басқарма төрағасының кеңесшісі Әлібек Мұқатаев пен өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаев қатысып, әкімдікпен бұған дейін жасалған ынтымақтастық меморандумының орындалу барысын талқылады.

Келісімге сәйкес 2026 жылы құны 200 млн теңгеге жуықтайтын бірнеше жоба іске асады. Бөлінген қаражат ауылдық округтегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге, жаңадан балалар ойын алаңын салуға және Аягөз қаласында ипподром тұрғызуға жұмсалады. Жалпы Қазақмыс компаниясы өзі жұмыс істейтін өңірлерде осындай қоғамдық маңызы бар әлеуметтік бастамаларды тұрақты түрде қолдап отырады.

Барлық жаңалық