Шоу-бизнес

"Жап-жас, өте сұлу екен": Жазира Байырбекова болашақ құдағиымен кездесті (ВИДЕО)

"Жап-жас, өте сұлу екен": Жазира Байырбекова болашақ құдағиымен кездесті (ВИДЕО)

Танымал әнші Жазира Байырбекова TikTok әлеуметтік желісінде құдағиымен кездескен сәтінен видео жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бейнежазбада әнші құдағиымен алғаш рет жүздескенін айтып, әзіл аралас пікір білдірген.

«Құдағиыммен кездестік. Енді кит бермейтін болдық», – дейді ол видеода күліп.

Бұл жазба желіде тез таралып, көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір қолданушылар әншінің сөзіне әзілмен жауап қайтарды.

«Кит бермесеңіз де, тым болмаса кофе алып бермедіңіз бе?»
деп жазды оқырмандардың бірі.

Ал басқа желі қолданушылары құдағайының келбетіне ерекше назар аударған.

«Құдағи жап-жас екен»,
«Сұлу екен құдағайыңыз, жастар бақытты болсын. Киті құрсын, қазіргі заманда ең бастысы – татулық»,
«Жазирадан да әдемі екен құдағи»,
деп пікір қалдырды көпшілік.

Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл видеоны жылы қабылдап, екі жақтың арасындағы сыйластық пен ашық қарым-қатынасты жоғары бағалады. Кейбірі қазақы салт-дәстүрдегі «кит беру» жөніндегі әзілді қазіргі заманға сай жеңіл қабылдауға шақырды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасылық өмірінен, жақындарымен болған сәттерден жиі видео жариялап жүр. Оның мұндай қарапайым әрі шынайы жазбалары оқырмандары тарапынан қолдау тауып келеді.

Барлық жаңалық