Отбасымен демалысқа барамын деп елге қайта алмай қалған әнші Жанболат пен Жазира Қазақстанға жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазды.
"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай - Маскат - Ыстамбұл - Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншімен бірге қуанып түрлі тілегін жазды.
"Аман-есен жеткендеріңізге шүкір", "Жылап отырмын", "Енді Дубайға бармастай болған шығарсыздар", деді көпшілік.