Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 7 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 7 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты өз азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері 7300-ден астам қазақстандық елге оралған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Министрліктің хабарлауынша, азаматтарды елге жеткізу авиарейстер арқылы ғана емес, сондай-ақ Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы құрлық жолымен де жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанның аймақтағы дипломатиялық өкілдіктері эвакуация жұмыстарын үйлестіріп, шетелдегі отандастармен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасағаннан кейін аймақтағы жағдай күрт шиеленіскен. Осыған байланысты Таяу Шығысқа бағытталған бірқатар қазақстандық авиарейстер тоқтатылды.

Қазақстан билігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қабылдап, арнайы авиациялық call-орталық ашты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін Таяу Шығыстағы қазақстандықтар арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.

Барлық жаңалық