Қоғам

Референдум қарсаңында «Халықтың Ата Заңы» атты ән таныстырылды

Референдум қарсаңында «Халықтың Ата Заңы» атты ән таныстырылды

Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары «Халықтың Ата Заңы» атты ортақ әнді орындап, жаңа Конституцияны қолдауға арналған музыкалық жобаны ұсынды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл ән ел Конституциясын құрметтеуді насихаттайтын халықтық бастама ретінде ұсынылды. Жобаға қазақстандық танымал өнерпаздар – Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және Роза Рымбаева қатысты.

Музыкалық туындыда Қазақстанның спорттағы жеңістері, ғылым, робототехника, медицина және білім саласындағы жетістіктері, сондай-ақ елдің табиғаты мен қоғамның даму қарқыны жырланады.

Жоба авторларының айтуынша, мәдениет қайраткерлерінің бұл бастамасы Қазақстанның тұрақтылығы, бірлігі және орнықты дамуы туралы идеяны жеткізуді мақсат етеді.

Айта кетейік, жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Барлық жаңалық