Жаңалықтар

Астанада 23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен (ВИДЕО)

Астанада 23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен (ВИДЕО)

Астанада әскери комиссариат қызметкерлері полициямен бірлесіп, жігітті жұмыс орнынан күштеп алып кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Желіде жігіттің жұмыс орны – “Аружан” сауда орталығында түсірілген видео тарады. Кадрдан 4 ер адамның жігітті күштеп ұстап әкетіп бара жатқанын көруге болады. Олардың арасында полиция қызметкері де бар. 

Астана қалалық Қорғаныс істері департаментінің мәліметінше, видеодағы жігіт дерекқорда әскерге шақыру жасындағы азамат ретінде көрсетілген.

“Биыл 4 желтоқсанда жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, дерекқорда әскерге шақыру жасындағы адам ретінде көрсетілген 2002 жылы туған азамат Ә-ні тоқтатты. Тексеру барысында оның бұрын әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық тексеруден өтпегені белгілі болды. Оған қалалық жинақ пунктіне бару ұсынылды. Алайда азамат бұл талаптан бас тартқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол медициналық комиссиядан өту үшін белгіленген орынға жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше,  алғашқы медициналық тексеру нәтижелері бойынша азамат тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша қосымша тексеріске жіберілді. Оған тиісті жолдама беріліп, кейін үйіне қайтарылған. Ал жігіт тарапынан заңсыз әрекеттер бойынша шағым немесе өтініш түспеген.

Барлық жаңалық