Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол марқұм ақынның ел үшін сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, оның қазасы бүкіл қазақ жұрты үшін ауыр қайғы екенін жеткізді.
“Елім, жерім, тілім деп, өз қазағымыз үшін үшін ештеңеден тайсалмай шырылдаған Мұхтар Шаханов жау жүрек ағамыздың өмірден озуы бүкіл қазақ үшін орны толмас өкініш. - Жаныңыз жәннатта болсын асыл да ардақты, ұлы адам!”, - деді ол.
Сондай-ақ продюсер марқұм ақынмен байланысты жеке естелігін де толық баяндады.
“Жаназасында Қайраттың төбе көрсеткенін, бәз біреулер, Қайраттың еш қатысы жоқ, неге жүр депті. Айналайындар-ау, Мұхтар ағамызға осы әнді арнау етіп ақ Қайроштарыңыз республика сарайында бірнеше рет орындағанын қалайша ұмыта салды екен мысқылшылдар. Сол кезде ағамызға қарсылық көп болып жатқанына қарамастан осы әнді арнағаны үшін Мұхтар аға, өзіме звондап тұрып, батасын беріп, алғысын айтқан еді. Алда біраз кештерім болады, Қайрат балам жанымнан табылса екен деп еді, біраз мазасы кетіп, көп армандары орындалмады. Ер жүрек Мұхтар ағамыздай азаматтар кемде-кем, тіпті тура ол кісідей жоқ десекте болады… Бұл әннен артық арнау болмайды да шығар, жүректі тілшелеп тұрып жеткізген есті ән деп ойлаймын. Сіздер не дейсіздер?”, - деп түйіндеді продюсер.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде өмірден өтті. Оның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырып, ел азаматтары көңіл айтуда.