Танымал продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешованың «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолын өзі алып алған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы продюсер Instagram-парақшасында айтты.
«Мен бұл киімді өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Себебі бұл қамзолды Меруерт Өтекеш «Қыз Жібек» фильмінде киген. Бұл — 50 жылдық тарихы бар қамзол», — деген ол.
Баян Мақсатқызы келесі «Қазақ аруы» байқауы Қыз Жібек образы мен Меруерт Өтекешке арналатынын айтып отыр.
Бұл камзолдың сыйланғаны болмаса сатып алынғаны әзірге белгісіз.
Алайда желі қолданушылары бұл тарихи жәдігердің Музейде тұру керектігін айтып шамданды.
"Бұл өте құнды ұлттық дүние, музейде тұру керек деп ойлаймын", "Үсті иман, асты иван", "Бұл 50 жылдық тарихи жәдігер Ұлттық музейде түру керек", "Мына камзолды бұл кемпірдің киюге хақысы жоқ", "Қарақат Әбілдинаға беру керек еді", - деп жазды оқырмандар.