Жаңалықтар

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін ажал құшты

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін ажал құшты

Оқыс оқиға бүгін, 8 желтоқсан күні таңертең, Ақтаудағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Маңғыстау облысының ТЖД хабарлауынша, "112" пультіне 28-шағынаудандағы өрт туралы хабар сағат 09:04-те түскен. Өрт №21 үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетіп, шамамен 20 шаршы метр аумақтағы тілсіз жауды 09:28-де толық сөндірген.

"Өрт сөндіру барысында пәтерден ессіз жатқан кәмелетке толмаған бала табылды, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырдық. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Барлық жаңалық