Қоғам

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейін  сақтау туралы шешім қабылдады. Инфляцияны тежеу үшін реттеуші орган орташа қатаң ақша-кредит саясатын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты cmn.kz порталына сілтеп.

Бұл шешім Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің отырысында қабылданды. Онда нақты деректер, жаңартылған болжамдар және инфляциялық тәуекелдер балансына жасалған бағалау ескерілген.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Ұлттық банк.

Барлық жаңалық