Лисаковск қаласында кәмелетке толмаған өгей қызын зорлағаны үшін қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, кәсіпкер А.Д. өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Сот үкімі жабық режимде жарияланды.Қосымша мәліметтер жарияланбайды.Тек үкімнің өзі белгілі өмір бойына бас бостандығынан айыру.Сотталғанның есімі де құпия сақталып отыр.Үкім заңды күшіне енгенше оның аты-жөні ресми түрде жарияланбайды.
Қылмыс туралы дерек наурыз айында белгілі болған.Лисаковск тұрғындары үшін бұл хабар нағыз шок болды.Айып тағылған тұлға қалаға танымал кәсіпкер.Алкоголь өнімдерін шығаратын кәсіпорынның бас директоры.Қалалық мәслихаттың депутаты болған.Спорттық-сауықтыру қызметтерімен айналысқан.Ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін бизнес жүргізген.Қайырымдылық жасаған.Мешіт құрылысына қаржы бөлген.Мұқтаж жандарға көмектескен.