Тыңдарманын ерекше әндерімен тәнті етіп жүрген өнер иесі бұл жолы «аузына ие бола алмайтын» жігіттерді орнына қоюға тырысқандай. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Democrat.kz сайтына сілтемемемен хабарлайды.
Әнші жаңа туындысында:
«Жігітше жүр, тоқылдамай!Тоқылдақтан туады батыр қалай?» – деп, ер азаматтарға қатысты ойын ашық жеткізген.
Желі қолданушыларының реакциясы екіге бөлінді. Бір тарап әншінің бұл қадамын құптамай,
«Не болса соны өлең қыла беретін болды» деп сынға алды. Алайда орындаушы бұған бірден жауап беріп:
«Не болса соны емес. Тоқылдақтарға ғана ұнамауы мүмкін. Ерекше жүретін жігіттер бұл сөздің мәнін жақсы біледі», – деп кесіп айтты.
Ал екінші тарап әнді әзілмен қабылдап, орындаушыны қолдады. Олар:
«Тоқылдақтар тыңдамай айналып өткен шығар»,«Мықты ән екен, айта алмай жүрген едім, енді жібере саламын»,«Нағыз керек өлең шықты»,– деп ойларын қалдырған.
Жаңа ән желіде қызу талқыға түсіп, пікір қалдырғандардың арасында әзіл де, сын да араласып кетті.