Шоу-бизнес

«13 жасында анасынан қалды»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Мөлдірді қорғады

«13 жасында анасынан қалды»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Мөлдірді қорғады

Қарақат Әбілдинаның әпкесі Қымбат Әбілдина журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Мөлдір Мұқанова туралы ойын қайта айтып, оның сөздерінде жалғандық жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 

Қымбат Әбілдинаның айтуынша, «Айгөлек» журналының авторы Мөлдір Мұқанова өз басынан өткен жағдайды бұрмаламай айтқан.

 

«Мөлдірім жылап, шырқырап тұрған сәттеріне өзім куә болдым. Оның анасы 13 жасында қайтыс болғанын білемін. Мөлдір ешқашан күйеуімен таласып, ‘мен де сахнаға шығамын’ деп талап қойған емес. Оның бойында туа біткен таланты көп, өте қабілетті қыз. Қазақтың ‘ерін сыйлаған әйел етекте отырмайды’ деген ұстанымымен бар назарын Тұрсынбекке салып, соның жолын жасап жүрді. Ол әдейі ештеңе істемейді. Жүрегі таза, ақкөңіл қыз ғой. ‘Тұрсынбекке қоқыс та тасытып көрмеп едім’ деген сөзі де шындық. Сондай адал адамның қиналып тұрғанын көріп отыра алмайды екенсің», — деді ол.

 

Қымбат Әбілдина Мөлдірге түсіністікпен қарау керек екенін, оның айтқандары шынайы екенін атап өтті.

Барлық жаңалық