Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты ауыл тұрғыны – 16 жастағы жасөспірімді 14 жастағы балаға от қойып, денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, бостандықты шектеу жазасына үкім шығарды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
Судья Дулат Бурабаевтың айтуынша, қылмыс орташа ауырлық санатына жатады.
«Сот сотталушының кәмелетке толмағанын, бұрын істі болмағанын ескеріп, оған бір жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу және бір жыл пробациялық бақылау белгілеу жөнінде шешім қабылдады», – деп үкім жариялаған.
16 жастағы жасөспірім ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі бойынша – кәмелетке толмағанға әдейі орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегімен айыпты деп танылды.
Оқиға өткен жылдың қыркүйегінде Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай ауылында болған. Тергеу дерегіне сүйенсек, 14 жастағы бала абайсызда үстіне бензин төгіп алған. Сол сәтте жанында тұрған 16 жастағы жасөспірім қолындағы жанған шырпыны оның үстіне лақтырған. Нәтижесінде баланың киімі лап етіп жанып, ол күйік жарақаттарын алған.