Шоу-бизнес

«Буындарымнан тер шығып жатыр»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты

«Буындарымнан тер шығып жатыр»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты

Әнші Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі кезеңде аналарға ұсынылатын арнайы быламықтың күтпеген пайдасымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 

Өнер иесінің айтуынша, бұл тағамды қолданғаннан кейін ағзасында ерекше өзгерістер байқалған.

 

«СубһанАллаһ, буындарымнан тер бұрқ етіп шығып жатыр. Бұған дейін ыстық сүт шайды қанша ішсем де бұлай терлемейтінмін. Бұл быламық тіске де, деснаға да өте пайдалы екен. Қазағымның даналығына тағы бір мәрте көзім жетті», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

 

Сондай-ақ, Алтынай артық салмақ туралы пікір қалдырып жүргендерге жауап беріп, бастысы денсаулық екенін атап өтті.

 

«Быламық жеймін деп, фигураң бұзылады деп уайымдаудың қажеті жоқ. Аллаға шүкір, күш-қуатым жақсы. Ең маңыздысы өзіңді күту. Әр кезеңнің өз тәртібі бар, соны дұрыс пайдалану керек», — деді әнші.

Барлық жаңалық