Маңғыстау облысы

Ақтауда аялдамада ер адамның жансыз денесі табылды

Ақтауда аялдамада ер адамның жансыз денесі табылды

7 желтоқсан таңында 9-шағынаудандағы аялдамада өтіп бара жатқан тұрғын ер адамның ес-түссіз жатқанын байқап, дереу көмек шақырған деп жазады Оzgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтемемен. Оның жанында мобильдік телефоны болған. Жолаушы телефондағы ең алғашқы байланыс нөміріне хабарласып, марқұмның немересіне қоңырау шалған.

 

Марқұмның туыстары оқиға орнына тез жетіп, жедел жәрдем шақырған.Дәрігерлер барлық қажетті реанимациялық шараларды жасағанымен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Медициналық қызметкерлер оның биологиялық өлімін тіркеді.Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті.

 

Туыстарының айтуынша, ер адам таңертең дәріханаға шығып кеткен. Ол соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларымен, жоғары қан қысымымен және жүрек мәселелерімен ұзақ уақыт бойы ауырып жүрген. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне инсульт немесе жүрек талмасы себеп болуы мүмкін.

 

Белгілі болғандай, марқұм жақында 64 жасқа толған. Ол 11-шағынауданда анасымен бірге тұрып келген. Қаралы хабар оның Мәскеуде жүрген қызына жеткізіліп, ол Ақтауға шұғыл жолға шықты.

Барлық жаңалық