Қоғам

Қырым көпірі жарылды: Украина СБУ операциясы туралы мәлімдеді

Қырым көпірі жарылды: Украина СБУ операциясы туралы мәлімдеді

Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) Қырым көпірінің суасты тіректерін жарып жібергенін хабарлады, деп хабарлайды ozgeris.info

Украиналық тараптың мәліметінше, 3 маусымға қараған түні СБУ су астынан көпірдің тіректерін миналап, кейін жарылыс ұйымдастырған. Жарылғыш заттың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 1100 килограмды құраған. Тіректердің астыңғы бөлігі қатты зақымданғаны айтылды.

Ресей бұл ақпаратқа қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Алайда 2 маусым күні сағат 06:07-де Қырым көпірінің ресми Telegram-арнасында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғаны хабарланған. Сағат 9:00-де қозғалыс қайта ашылып, 15:00 шамасында тағы да жабылған. Қазіргі уақытта көпір ашық.

Бұл Украина тарапынан соңғы бірнеше күн ішіндегі екінші ауқымды операция. 1 маусымда украиналық дрондар ондаған ресейлік бомбалаушы ұшақты жойған болатын.

АҚПАРАТ ОРДА ПОРТАЛЫНАН АЛЫНҒАН

Барлық жаңалық