“Неге сот баламның өмірін 9 жылға теңеді?”: Баласынан айырылған анасы сотта жанайқайын жеткізді

фото: видеодан кадр

Қарағандыда Диас Кейкеновке бірнеше рет пышақ жарақатын салып, өлтіріп кеткен күдікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Патриот» Telegram-арнасы хабарлауынша, үкімді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жаңылсын Шамұратова шығарды. Негізінде прокурор Әсел Амантаева сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, бірақ сот басқаша шешім қабылдады. Бұл қылмысқа сәйкес ең жоғарғы жаза – 12 жыл.

Диас Кейкеновтің анасы соттың 9 жыл жаза тағайындағанына қатты ашуланды.

«Неге сот менің баламның өмірін 9 жылға тең деп шешті? Оларға ең жоғары мерзім тағайындауға не кедергі болды? Ауырлататын жағдайлардың бәрі бар – бұл қылмыс алдын ала жоспарланған, өйткені сотталушы пышақтарды алдын ала сатып алған. Ол жалға алған пәтерде қаруланған, бірақ көшеде кімге шабуыл жасайтынын таңдамаған. Нәтижесінде, менің балам қаза тапты. Ең сорақысы – ол қанды қолмен қашып кеткен. Оған қоса ішіп алғаны бар», – деді марқұмның анасы.

Диас Кейкенов 2024 жылғы 13 наурызға қараған түні ауыр жарақат алды. Дәрігерлер екі күн бойы оның өмірі үшін күресті, бірақ ол 15 наурызда екінші операция кезінде қайтыс болды.

Сотта сотталушының адвокаты Сембай Тәжікеев жасөспірімнің өліміне дәрігерлер кінәлі деп мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрігерлер баяу әрі кәсіби емес жұмыс істеген.
Алайда Диастың ата-анасы мен прокурор Әсел Амантаева бұл айыптауларға қарсы шығып, Диастың өліміне сотталушы кінәлі екенін дәлелдеу үшін жедел жәрдем мен аурухана дәрігерлерінің секунд сайынғы әрекеттерін дәлел ретінде ұсынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...