«Өкінішке қарай…»: Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке шықпайтынын айтты

Фото: Chris Unger, Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммедпен чемпиондық атақ үшін 10 мамырда күш сынасуы керек еді. Алайда отандасымыздың орнына австралиялық Джек Делла Маддалена шығатын болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Белал Мухаммад 10 мамырда Монреальда чемпиондық белбеуін қорғайды. Осыған дейін Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке басты үміткер атанған болатын. Бірақ кейінірек жекпе-жекке Маддалена шығатыны белгілі болды.

Оның себебін отандасымыз түсіндіріп берді.

«Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекті бірінші болып маған ұсынған UFC-ге алғысым шексіз. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамыр айында жекпе-жекке дайындалып үлгермеймін», — деді Рахмонов.

Сондай-ақ ол Монреальдағы жекпе-жектің жеңімпазымен кейінірек күш сынасатынын айтты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Рединг опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)