«Харам болса да намазға кедергі емес»: ҚМДБ татуировкаға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay.com

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы денесіне сурет салдыратын, яғни татуировка жасататын адамдарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Мүфтияттың ресми пәтуасына қарасақ, татуировканың өзі харам, бірақ ол кетпесе, дәрет алып, намаз оқи беруге болады.

«Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады. Сондықтан денеге сурет салуға тыйым салынады. Тәубе етіп, мүмкіндігі болса оны кетіруі тиіс. Егер татуировканы кетіру денеге зиян тигізіп жатса, онда оны сол күйінде қалдырады», — деп жазады мүфтият.

Осыған байланысты ғұламалар мынандай пәтуаға тоқтаған:

  • денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек.
  • татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды.