Жезқазған облысының орталығында жанармай тапшылығы байқалды. Кейбір жанармай құю бекеттеріндегі жанармайдың барлық түрлері тек талондар арқылы беріледі. Бірақ сонда-да мұнай өнімдері барлық жерде бола бермейді. Etozhez.kz порталының түсіру тобы бұл жағдайдың себебін анықтауды жөн көрді, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Qazaq Oil» аймақтық менеджерінің айтуынша, компанияда жанармай қоры жоқ. Себеп — зауыттардан мұнай өнімдерін жөнелту жұмыстарында. Ал «Helios» жанар-жағармай құю бекетінде АИ-92 емін-еркін сатылады, бірақ көліктер ұзын кезекте тұр. Жалпы, тұрғындардың пікірі үшке бөлінді: кейбірі жанармай тапшылығын сезінбесе, енді біреулері бірнеше күн кезекте тұрғанын айтады. Ал үшінші жақ пікір білдіруден бас тартты.
Не деп айтатынымды да білмеймін. Екінші тәулік кезекте тұрмын. Яғни, кеше күні бойы кезекте тұрып, жанармай құйып алдым, бүгін тағы келіп тұрмын.
Бізге қиын, себебі талонды тек үкіметтің көліктеріне береді.
Дефицит жоқ, сезбедім. Бәрі жақсы, деді Жезқазған тұрғындары.
ПІКІР ЖАЗУ