"Бірақ 300 миллиард теңге бола қояды деп ойламаймын. 100-150 миллиард теңге шамасына тұрақтауы мүмкін. Бірақ оның өзі әр тиынды санап отырған Қазақстан сияқты елге кәдімгідей тимек", - деді экономист Айбар Олжаев.
🏛️ Саясат
Зеленский факторы Қазақстанды 2025 жылы 300 млрд шығынға батыруы мүмкін - сарапшылар
24.02.2025
333
Зеленский факторы Қазақстанды қандай шешімге апарады? Қоғамды алаңдатып отырған саяси-экономикалық сауалға экономист сарапшы Айбар Олжаев жауап берді.
Украин дрондарының КТК құбырының инфрақұрылымына соққы беруі Қазақстанды 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 300 миллиард теңге шығынға батыруы мүмкін дейді, сарапшылар.
Жалпы ол мұнай айдау қуатының қанша пайызға төмендеп қалатынына байланысты. Егер графикті үдетіп, одан кейін ВПУ-лар жөндеуге тоқтамаса бұл шығынды қысқартуға болады. Бірақ бәрібір шығын болады, себебі мұнай айдайтын "Кропотинская" станциясын КТК өз қаржысына жөндейді.
Ал КТК консорциуымының 20,75 пайызы қазақ елінің қолында (ҚМГ – 19%, KPV – 1,75%) екенін ескерсек, шығын бізге дивидендтің қысқаруы немесе жоғалған кіріс арқылы келеді.
Шығынды фиксациялап, осымен тоқтау. Бұдан кейін ВСУ КТК құбырларына тиіспейді. Бейресми болса да Киев белгілі бір гарантиялар береді. КТК станцияны тез жөндеп, жұмысын үдете береді. Соғыс тоқтап, КТК-ға жарылыстар қаупі сейіледі. Бұл ең оңай және коммерциалық тиімді жол.
Бірақ стратегиялық жағынан қаншалықты дұрыс? Онсыз да жоқ кезде ақшаны үнемдеген дұрыс па, әлде ақша салып КТК құбырына деген тәуелділікті кемінде екі есеге азайтқан дұрыс па?
Қазақстан 2022 жылдан бері осы дилемма бойынша бас қатырып келеді. Тәуекел менеджментінде «барлық жұмыртқаны бір себетке салу» ұғымы бар. Яғни, бәрін бір жерге үйіп қою деген сөз. Себетті құлатып алсақ, бар жұмыртқамызды жарып аламыз.
2013 жылы еліміз экспортқа арналған мұнайдың тек 40 пайызын ғана КТК арқылы жіберетін. Соңғы 10 жылдың ішінде осы үлесті 80 пайыздан асырдық. Яғни, КТК арзанырақ болғандықтан, мұнайдан барынша көп табыс алу үшін қалған бағыттарды ұмытып КТК-ға жатып алдық. Соғыс болу мүмкіндігін, түрлі болашақ қауіптерді ескермедік.
Уақыт өткізіп алғандықтан, дәл қазір КТК құбырындай көлемде мұнай шығаруға мүмкіндік беретін басқа құбырлар жоқтың қасы. Мысалы елде өндірілетін мұнайдың 15 пайызын біз Атырау-Самара құбырымен жібереміз. Дружба құбырымен шамалы көлемдер өтеді. Бірақ олар да Ресей аумағы бойынша өтетін құбырлар ғой. Сонда біздің мұнайдың 95 пайызы Ресей арқылы жүреді.
Баку-Тбилиси-Жейханның тасымал құны өте қымбат және уақытты көп алатыны рас. Бірақ Ақтау портына Новороссийскідегідей ВПУ (сырты мұнай құю құрылғысы) орнату болашақ диверсификацияның негізгі қадамдарының бірі болуы тиіс. Біз танкерлер флотын күшейтіп бастадық. Мұнайды танкерлерге құюды арзандатып, КТК құбырына тәуелділікті кемінде 10 пайызға азайтуға тырысуға болады.
Бәрібір КТК негізгі күретамырымыз болып қала беретіні түсінікті. Әсіресе, соғыс тезірек бітіп, тараптар келісімге келсе Каспий құбыр консорциумының позициясы нығая түседі. Тек оған деген толық тәуелділік болмауы шарт.
-
Олжас Бектенов Астанадағы ірі зауыттар мен логистикалық орталықтарды тексерді15:59, 08 маусым 2026
-
Отандық инновация: Астанада 4,1 миллиард теңгеге медициналық бұйымдар зауыты ашылды15:40, 08 маусым 2026
-
"Құдағи шошаңдап қалған": Жанболат пен Жазира құдаларымен қыдырды (ВИДЕО)15:39, 08 маусым 2026
-
Екеуі бала, біреуі жүкті әйел: Арыста жүргізуші 4 адамды қағып өлтірді15:02, 08 маусым 2026
-
Көкшетауда өрт сөндіру көлігі апатқа түсті14:37, 08 маусым 2026
-
-
"Елден шығарылды деген қыздар ма?" Желіде атышулы жастардың жаңа видеосы тарады13:53, 08 маусым 2026
-
"For You" функциясы. Meta адамдарға нейрожелі құрастырған контентті ұсынбақ13:29, 08 маусым 2026
-
Қызылордада тағы бір қыздың мәйіті табылды12:45, 08 маусым 2026
-
Аль-Фарабидегі сұмдық апат: Үшінші марқұмның отбасы да жүргізушіні кешірді12:20, 08 маусым 2026
-
"Бөлек кеттік": Роза Әлқожа келінінен іргесін аулақ салғанын айтты (ВИДЕО)11:51, 08 маусым 2026
-
"84 миллион қарызы барын растады": журналист Байырбековадан сұхбат алды (ВИДЕО)10:22, 08 маусым 2026
-
"Кездесуге шақырды": блогер Димаш Құдайбергенмен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты09:38, 08 маусым 2026
-
Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды: Жүргізушілер нені білуі керек?17:29, 07 маусым 2026
-
Халық неге әр мәселе бойынша Президентке шағымданады? Шенеуніктер жұмысындағы олқылықтар16:28, 07 маусым 2026
-
«Құтты болсын»: Сәкен Майғазиевті әлеуметтік желідегі оқырмандары құттықтап жатыр02:00, 08 маусым 2026
-
-
"Өз үйінде бетін ашқаны несі": Журналист Жәкішевтерге айыппұл салу керек екенін айтты11:28, 08 маусым 2026
-
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
"Құдалыққа дайындалып жүрген": Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады17:51, 11 мамыр 2026