Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип қараша айында өтетін матчтарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп Ozgeris.info хабарлады.
Ұлттық құрама тізіміне жалпы 38 футболшы енді. Олардың қатарында Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ойыншылармен бірге шетелдік клубтарда доп теуіп жүрген футболшылар да бар.
Қақпашылар
Құраманың қақпашылар тізіміне Темирлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе») және Стас Покатилов («Сабах») енді.
Қорғаушылар
Қорғаныс шебіне Адильбек Жұмахан, Арсен Аширбек («Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский («Астана»), Дамир Қасабулат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит»), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес») және Наурызбек Жағоров («Тобыл») шақырту алды.
Жартылай қорғаушылар
Жартылай қорғаушылар қатарында Рамазан Оразов, Алмас Тюлюбай («Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов («Астана»), Әбінұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір және Елхан Астанов («Ордабасы») бар.
Шабуылшылар
Шабуыл шебіне Ислам Чесноков («Крылья Советов»), Исмаил Бекболат, Азамат Туяқбаев («Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана») және Артем Литош («Шахтер») енді.
Қазақстан құрамасын қарашада қандай матчтар күтіп тұр?
Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында Молдова және Словакия құрамаларына қарсы екі кездесу өткізеді.
13 қараша: Молдова – Қазақстан. Матч Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтеді.
16 қараша: Қазақстан – Словакия. Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.
Алдағы ойындарда ұлттық құрама футболшыларының өнері мен бас бапкердің таңдауы жанкүйерлердің назарында болмақ. Кеңейтілген тізімге енген 38 ойыншының қайсысы негізгі құрамға кіретіні алдағы дайындық барысында анықталады.