🏛️ Саясат

Заң бұзушылық анықталды: Қонаев әкімдігі берген жер учаскесі қайтарылды

Заң бұзушылық анықталды: Қонаев әкімдігі берген жер учаскесі қайтарылды

Алматы облысындағы Қонаев қаласының әкімдігі тұрғын-ойын-сауық кешені мен зообақ салу үшін 150 мың гектар жерді заңсыз берген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Қонаев әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Тексеру барысында жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылғаны анықталған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қаланың бас жоспарына қайшы келген.

Аталған заң бұзушылыққа байланысты әкімдікке тиісті нұсқама берілгенімен, ол белгіленген мерзімде орындалмаған.

Осыған байланысты прокуратура Қонаев қалалық сотына талап арыз жолдаған. Сот процесі барысында жер ресурстарын басқару департаменті үшінші тарап ретінде қатысып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсіндірме берген.

Нәтижесінде сот талапты толық қанағаттандырып, коммерциялық мақсатта берілген 150 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Ақпарат көзі: ozgeris.info 

 

Барлық жаңалық