Шоу-бизнес

"Туған сіңілімнің тойына да бара алмадым": Айгүл Иманбаева қазіргі жағдайы туралы айтты

"Туған сіңілімнің тойына да бара алмадым": Айгүл Иманбаева қазіргі жағдайы туралы айтты

Әнші Айгүл Иманбаева бауыры Райханның ұзату тойы екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлімдеді. 

"Бүгін бізде қуаныш той!!! Туған сіңілімді ұзатып жатырмыз. Тойдан фото, видео ертең саламын. Ал енді Айгүлдің туған сіңілісі жоқ еді ғой, ол қалай десеңіздер мына әңгімемді тыңдаңыздар. Менің басымдағы оқиғаға ұқсас өмірлеріңіз болса кеш болмай тұрып араласыңыздар. Себебі кері қайтара алмайтын нәрсе ол УАҚЫТ", деп жазды ол. 

Сөзінше, Райхан есімді сіңілі әкесінің екінші әйелінен туған. Иманбаева ана мен әкенің разылығын алу қаншалықты маңызды екенін, өз баласын әкесінен бөлмей өсіргенін айтты. Сондай-ақ белгілі бір жағдайларға байланысты туғанының тойында төбе көрсете алмайтын айтып, онлайн тілек айтты. 

Барлық жаңалық