Жаңалықтар

ШЫҰ саммитінде ауқымды құжаттар топтамасы қабылданды

Тяньцзинде өткен ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінде ұйымның дамуы, қауіпсіздік, экономика, цифрландыру және экология салаларын қамтитын ауқымды құжаттар топтамасы қабылданды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ақордаға сілтеме жасап.

 

Қабылданған негізгі құжаттар:

 

  • Тяньцзинь декларациясы және ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы.
  • 2026–2030 жылдарға экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы.
  • 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастық жол картасы.
  • Лаосқа ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру.
  • ШЫҰ-ға ТМД жанындағы бақылаушы мәртебесін беру.
  • Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласын 2025–2026 жылдары ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы деп жариялау.
  • ШЫҰ Антинаркотикалық орталығы мен Қауіпсіздік қатерлеріне қарсы әмбебап орталық құру жөніндегі келісімдер.
  • Цифрлық экономика, жасыл өнеркәсіп, энергетика, жасанды интеллект, көпжақты сауда жүйесін қолдау, ғылым мен инновацияны дамыту жөніндегі бірқатар бірлескен мәлімдемелер.
  • ШЫҰ мен Қытай үкіметі арасындағы хаттамаға толықтырулар және “Росконгресс” қорымен ынтымақтастық туралы меморандум.
  • Ұйым қызметі туралы жылдық есептер.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен БҰҰ құрылғанына 80 жыл толуына арналған мәлімдеме.

 

Барлық жаңалық