Сауд Арабиясының Даммам қаласындағы Король Фахд атындағы халықаралық әуежайға сәрсенбі күні кешке шабуыл жасалды. Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасы (GACA) хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.
Мәліметке сәйкес, шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, тағы сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Сауд Арабиясы Йемендегі хуситтерге қарсы күресте үкіметтік әскерлерге әскери қолдау көрсететін араб коалициясын басқарады және олардың позицияларына әуе соққыларын жасайды.
Бұған жауап ретінде хуситтер Сауд Арабиясының инфрақұрылымына қарсы әскери операциялар жүргізіп келеді.